Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан боксшылары алғаш рет World Boxing жарысына қатысады

Спорт
Қазақстан боксшылары алғаш рет World Boxing жарысына қатысады

Әлем чемпионаты 26 қазан мен 2 қараша аралығында АҚШ-тың Пуэбло (Колорадо штаты) қаласында өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оған 30 елден 180 боксшы қатысады деп күтілуде.

Қазақстан командасы келесі құраммен АҚШ-қа аттанaды:

55 келі. Ерасыл Аманғалиев

65 келі. Асылхан Көшербай

70 келі. Диас Серікұлы

85 келі. Даниял Райымбеков

Бапкерлер: Азамат Туямашев, Ержан Шагиров

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін Халықаралық бокс федерациясы (IBA) құрамында болды.

Қыркүйек айында ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады. Қазақстан World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді. 

Фото: ҚБФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу