freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан Иран халқына қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты

Қоғам
Қазақстан Иран халқына қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетыбаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

“Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза табуына байланысты Иран халқына көңіл айтамыз. Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын, өзара достық пен жан-жақты ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып отырған араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіреді. Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды тек саяси-дипломатиялық жолмен, халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын мүлтіксіз сақтай отырып реттеу қажеттігі жөніндегі өзінің қағидатты ұстанымының өзгермейтіндігін растайды. Өңірде зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тартылған тараптарды барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз”, - делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу