Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мен Таиланд визасыз режим туралы келісімді бекітті

Құқық
Қазақстан мен Таиланд визасыз режим туралы келісімді бекітті

Эталондық бақылау банкі порталында Қазақстанның Таиландпен визасыз режим туралы келісімді бекітуі туралы құжат жобасы орналастырылған. Ол 30 күннен аспайды, деп хабарлайды Malim.kz.

«2024 жылғы 23 сәуірде Бангкокта жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілсін», - делінген құжатта.

Үкімет қаулысы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Құжатқа сәйкес, бір тарап мемлекет азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 айдан кем болмауға тиіс жарамды жол жүру құжаттарының иелері, екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, одан кету, транзитпен өту, онда уақытша болу үшін келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын, күнтізбелік 180 күндік әр кезең ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатын кезеңге визалық талаптардан босатылады.

Фото: istockphoto.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу