Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан құрамасы Жазғы Паралимпиаданың ашылу салтанатына дайын

Спорт
Қазақстан құрамасы Жазғы Паралимпиаданың ашылу салтанатына дайын

Санаулы минуттардан соң Париж-2024 XVII Жазғы Паралимпиадасының ресми ашылу салтанаты өтеді. Қазақстан Ұлттық құрамасы салтанатты шеруге дайын, деп хабарлайды Malim.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау – ерлер, пара ату, пара үстел теннисі, пара дзюдо) 33 лицензия иеленген. Жалпы Парижге 44 спортшы барған.

Айта кету керек, Қазақстан каноэде есу (әйел), үстел теннисі және волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия жеңіп алған.

Фото: Turizm jäne sport ministrlıgı

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу