freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазақстан тарихы» академиялық басылымының 6 томы баспаға дайын

Қоғам

Фото: gov.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан тарихына арналған көптомдық академиялық басылымды әзірлеу жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жиынға редакция алқасы төрағасының орынбасары, Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, редакциялық алқа мүшелері – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры Зиябек Қабылдинов, «Ұлттық аударма бюросы» қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Жайық Тоқтаров қатысты.

Мемлекеттік кеңесшіге «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық басылымның алты томын баспаға әзірлеу барысы туралы есеп берілді. Аталған жинақ редакция алқасының бұған дейінгі тоғыз отырысында қарастырылып, бекітілген.

Сондай-ақ кеңесте алдағы маусым айының басына жоспарланған редакциялық алқаның кезекті жиынын ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланды. Басқосуда академиялық басылымның Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне арналған қорытынды жетінші томы қаралады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу