Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан түрмелеріндегі шетелдік 44 тұтқынды өз елдері қабылдағысы келмейді

Қоғам
Қазақстан түрмелеріндегі шетелдік 44 тұтқынды өз елдері қабылдағысы келмейді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттарға берген жауабында Қазақстан түрмелеріндегі 44 шетел тұтқынын өз елдері қабылдамай отырғанын мәлім еткен, деп хабарлайды Malim.kz Tizgin.kz сайтына сілтеме жасап. 


Ресми жауапқа сүйенсек, ҚАЖ мекемелерінде Қазақстан сотталған адамдарды беру туралы келісім жасасқан 22 елден (Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения, Украина, Беларусь, Молдова, Грузия, Ауғанстан, Моңғолия, Пәкістан, Түркия, Қытай, Иран, Греция, Германия, Бангладеш, Ұлыбритания, Филиппин) 1085 шетелдік азамат жазасын өтеп жатыр.

Кейінгі екі жылда Бас прокуратураға сотталғандардан өздері қай елдің азаматы болса, сол елге беруді сұрап, 302 өтінішхат түскен, олардың 229-ы қанағаттандырылды, жәбірленушілердің пайдасына өтелмеген талап-арыздардың болуына байланысты 73-іне бас тартылған.

Бұл ретте өз мемлекетінің елдеріне беру туралы өтініш білдірген. 44 сотталушыға қатысты тиісті елдер оларды қабылдаудан бас тартқан. Сотталғандарды жазасын одан әрі өтеу мақсатында беруді бастауға олардың өз еркімен ерік білдіруі негіз бола алады.

Фото: Pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу