freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Қоғам
Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық журналистер әріптестерін қолдап, Президентке үндеу жолдады, деп хабарлайды Malim.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, 2026 жылғы 20 наурызда 20 жылдан астам тәжірибесі бар журналист Ботагөз Омарова Астана қалалық полиция департаментіне «әңгімелесуге» шақырылған.

Ол өз еркімен барғанымен, бірнеше сағаттан кейін оның мәртебесі өзгерген: қорғау құқығы бар куәгерден Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша күдіктіге айналған.

Сондай-ақ 21 наурызға қараған түні — сағат 03:00 мен 05:00 аралығында — оның пәтерінде тінту жүргізілгені хабарланды.

Үндеуде журналистер Президенттен істі жеке бақылауына алуды және БАҚ өкілдерін қысымнан қорғауды сұрайды. Олар Қылмыстық кодекстің 274-бабы журналистерге қарсы жиі қолданылатынын атап өтті.

Ал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеп, барлық рәсімдер аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

Ведомство өкілдері журналистер ақпаратты міндетті түрде тексеруге тиіс екенін еске салды. Сонымен қатар кейбір жағдайларда заң оларды жауапкершіліктен босататыны айтылды.

Сондай-ақ барлық әрекеттер сыртқы араласусыз, заң аясында қатаң жүргізілуі керектігі және іс бойынша шешім әділ болуы тиіс екені атап өтілді.

Еске сала кетейік, Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Ботагөз Омарованың ұсталуына байланысты жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу