Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда алдағы 7 күнде ауа райы қандай болады?

Қоғам
Қазақстанда алдағы 7 күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» алдағы 7 күнге ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, 23-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, тұман, жел күшеюі болжанып отыр.

26 наурызда батыс өңірде (Батыс Қазақстан, Атырау), 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 23, 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жылынуы мүмкін.

Сондықтан гидрологиялық және метеорологиялық жағдай күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертумен алдын ала хабардар етеді.

 

ФОТО: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу