freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда баспана саудасы бір айда 23 пайызға өскен

Қоғам
Қазақстанда баспана саудасы бір айда 23 пайызға өскен
Ашық дереккөзден

2026 жылғы сәуір айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелген. 2026 жылғы наурызбен салыстырғанда (28 493) мәмілелер саны 23,4%-ға өскені байқалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 498 — 18,5%) және Астана (6 193 — 17,6%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 841 — 8,1%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз — 324 мәміле (0,9%) тіркелген көрінеді.

Қазақпараттың жазуынша, 2026 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуірде мәмілелер санының өсуі, Атырау облысын (-5,6%) қоспағанда, барлық өңірде байқалады. Ең жоғарғы өсім Ұлытау (+55,8%), Қызылорда (+49,4%) және Абай (+45,7%) облыстарында тіркелді.

2026 жылғы наурыз айымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 21,2% (4 789 мәмілеге) өсті. 2026 жылдың сәуір айында пәтерлер бойынша барлығы 27 331 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,7%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (22,2%), Алматы (22%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,6%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды — 10 204 мәміле.

2026 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуірде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 31,5% (1 872 мәмілеге) өсті. Сәуірде барлығы 7 823 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Солтүстік Қазақстан (+76,3%), Абай (+73,1%) және Ұлытау (+71,4%) облыстарында тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының төмендеуі тек Алматы қаласында (-2,2%) болған.

2026 жылғы сәуірде тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 4,6% азайды, ол кезде 36 839 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Түркістан облысында (+41,5%) байқалды, ең үлкен төмендеу — Ұлытау облысында (-28,6%). 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 4,6% төмендеу байқалды.



https://kaz.inform.kz/news/elde-turgin-uy-saudasi-br-ayda-23-ga-ost-ffd35630

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу