Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда кімдердің кредиттік төлемдері кейінге шегерілуі мүмкін?

Қоғам
Қазақстанда кімдердің кредиттік төлемдері кейінге шегерілуі мүмкін?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) банктік қарыз шарттары мен микрокредит беру шарттарына өзгерістер енгізу қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Жобада келесі бастамалар қамтылған:

әлеуметтік осал санаттағы азаматтар (ӘОСА) мен төтенше жағдайдан зардап шеккендерге кредиттік төлемді кейінге шегеру тетігін енгізу;

табысы төмендеген жағдайда растайтын құжаттар ұсынылса, комиссиясыз кемінде 3 ай мерзімге кейінге шегеруді міндетті түрде беру;

өмірлік жағдайдың ерекшелігіне байланысты қарыз алушыдан құжаттарды талап ету тәртібін нақтылау және қажетті құжаттар тізімін қосымша ретінде бекіту.

Агенттік түсіндірмесіне сәйкес, бұл өзгерістер жеке тұлғалардың, соның ішінде әлеуметтік осал топтардың проблемалық қарыздарын реттеу тетіктерінің тиімділігін арттыруға және банктер мен микроқаржы ұйымдарының қарыз алушылар өтініштерін қарау үдерісін бірыңғай әрі ашық етуге бағытталған.

Құжат «Ашық НҚА» порталында 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Фото: pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу