freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда қияр, картоп пен қырыққабат бағасы арзандады

Қоғам
Қазақстанда қияр, картоп пен қырыққабат бағасы арзандады
atyabtabkha.com

Қазақстанда өткен аптада әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қияр 2,4%-ға, ақ қырыққабат 2,1%-ға, қызанақ пен картоп 1,7%-ға арзандады. Сонымен қатар сүйексіз сиыр еті, алма, қарақұмық жармасы және қаймақ бағасы да аздап төмендеген.

Ал бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан, сүйекті сиыр еті, тауық еті, тартылған ет, сүзбе, айран және шай бағасы өзгеріссіз қалды.

Өңірлер арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы ең көп Шымкентте (0,4%) төмендеді. Павлодар мен Талдықорғанда баға 0,2%-ға, Ақтөбе, Көкшетау, Қонаев және Қостанайда 0,1%-ға арзандаған.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы – 483 теңге, ең арзан баға Шымкентте (321 теңге). Ақ қырыққабаттың орташа бағасы – 191 теңге, ең төмен баға Түркістанда (143 теңге). Қызанақтың орташа бағасы – 529 теңге, ең қолжетімдісі Таразда (310 теңге).

Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына апта сайын мониторинг жүргізіп отырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу