freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда жалға берілетін электрлі самокаттарға нөмір тағу міндеттеледі

Қоғам
Қазақстанда жалға берілетін электрлі самокаттарға нөмір тағу міндеттеледі
Фото: gov.kz

Қазақстанда жалға берілетін электрлі самокаттарды есепке алу және нөмірлеу тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа талаптар самокат прокаты қызметін реттеуге және қала көшелеріндегі көліктерді оңай сәйкестендіруге бағытталған.

Жаңа ережеге сәйкес, жалға берілетін әрбір электрлі самокатқа бірегей тіркеу нөмірі берілуі тиіс. Бұл нөмірді самокат пайдалануға берілмес бұрын прокат операторы өзі тағайындайды. Тіркеу нөмірі бір латын әрпі мен бес саннан тұрады.

Латын әрпі белгілі бір операторға бекітіледі және сол компанияның барлық самокаттарына қолданылады. Мысалы, егер компанияға “A” әрпі берілсе, оның самокаттары A00001, A00002, A00003 тәртібімен нөмірленеді. Бұл әріпті басқа оператор қолдана алмайды.

Сонымен қатар, жалға беру қызметімен айналысатын компаниялар өздеріне тиесілі барлық электрлі самокаттарды міндетті түрде есепке алып отыруы керек.

Есепке алу деректеріне мыналар енгізіледі:

  • самокаттың маркасы, моделі және шығарылған жылы;
  • сериялық нөмірі;
  • пайдалануға енгізілген және пайдаланудан шығарылған күні;
  • техникалық қызмет көрсету және жөндеу туралы мәліметтер;
  • берілген тіркеу нөмірі.

Тіркеу нөмірі берік материалдан жасалуы тиіс. Ол ылғалға, күн сәулесіне және температураның өзгеруіне төзімді болып, жарық шағылыстыратын жабындысы болуы қажет. Нөмір самокаттың артқы бөлігінде, дөңгелектің үстіне, сондай-ақ руль тірегінің екі жағына орналастырылады.

Егер самокат пайдаланудан шығарылса, оған берілген тіркеу нөмірі есеп жүйесінде сақталады және басқа самокатқа қайта берілмейді.

Мамандардың айтуынша, бұл талаптар жалға берілетін электр самокаттарды бақылауды жеңілдетіп, жол қауіпсіздігін арттыруға және прокат қызметі нарығының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу