Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда жаңа 4 су қоймасы салынады

Оқиға
Қазақстанда жаңа 4 су қоймасы салынады

Қазақстанда жаңа 4 су қоймасы салынады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Жобада Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жұмыс, 4 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау, 115 арнаны реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген.

"Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүзеге асырылады", - деп жазылған хабарламада.

Қазір барлық қажет құжатты әзірлеу және оларды басқа мемлекеттік органдармен келісу процесі жүріп жатыр.

"Қысқа мерзім ішінде үйлестіру кеңесі аясында үлкен жұмыс атқарылды. Ислам даму банкінің инвестициялары Қазақстанның су инфрақұрылымын жетілдіруге көмектеседі. Сонымен қатар, еліміздің су саласын дамыту жобаларына жаңа серіктестер тарту үшін БҰҰ Даму бағдарламасымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу