freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық әйел Ыстықкөлде жасөспірімді қызды соққыға жыққан

Оқиға
Қазақстандық әйел Ыстықкөлде жасөспірімді қызды соққыға жыққан
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде Ыстықкөлдегі «Мурок» пансионаты жағажайында болған жанжалдың видеосы тарады. Кадрлардан Қазақстаннан барған демалушы мен пансионат қызметкерлері арасында болған қақтығысты көруге болады. Оқиғаға қатысты Қырғызстан милициясы тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Куәгерлердің айтуынша, күндіз жағажайда қазақстандық турист пен пансионат аумағында жұмыс істейтін кәмелетке толмаған қыздар жанжалдасып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға әйел демалып отырған жерге желмен ұшып келген қоқыс себеп болған.

Куәгерлердің айтуынша, мұның арты көп ұзамай төбелеске ұласқан. Әлеуметтік желілерде қақтығыс салдарынан 14 жастағы қыздың зардап шеккені туралы ақпарат тарады. Жазба авторлары оның миы шайқалып, мұрны сынғанын және қазір ауруханада жатқанын жазған. Алайда бұл ақпарат әзірше ресми түрде расталған жоқ.

Threads желісінде оқиға орнында болғанын айтқан Ташкент тұрғынының жазбасы тарады. Оның сөзінше, жанжал туристің қоқысты жинауды талап етуінен басталған. Қыздар қоқыстың өздеріне тиесілі емес екенін айтып, бірақ жинауға уәде берген.

Куәгердің айтуынша, жанжал кезінде әйел қыздардың бірін мойнынан ұстап алған.

– Адамдар жүгіріп келіп, оларды ажыратуға тырысты. «Ұрмаңыз, ол кішкентай ғой» деп айттық. Ол болса «Әлі ұрған жоқпын» деген. Кейін оны аяғымен теуіп, құлатып, ұра бастады. Мұның бәрін өз көзіммен көрдім, – деді куәгер.

Ыстықкөл облысы Ішкі істер басқармасы бұл деректің тіркелгенін растады.

– Бұл дерек Ыстықкөл ауданының ішкі істер бөліміне тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру басталды, – деп хабарлады милиция.

Құқық қорғау органдары әзірге оқиғаның басқа да мән-жайларын жариялаған жоқ. Зардап шеккен қыздың алған жарақаттарының нақты сипаты мен жанжалға қатысқан әйелдің процессуалдық мәртебесі ресми түрде расталмаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу