Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық дзюдошылар тағы жолдамаға иелік етті

Спорт
Қазақстандық дзюдошылар тағы жолдамаға иелік етті

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасында жекелей сында белдеседі. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Айбек Имашев мәлімдеді. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып Malim.kz хабарлайды. 

Эсмигул Куюлованың жекелей сында өнер көрсететіні расталды. Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге квота алған болатын.

Енді оған тағы ұпайлар қосылып, Халықаралық дзюдо федерациясы Куюлованың 63 келіде жекелей сында күресетінін растады,  - дейді Имашев ҚР ҰОК сайтына берген ресми сұхбатында. 

Еске сала кетейік, Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері. 

Париж Олимпиадасында жалпы есебі сегіз дзюдошы бақ сынайды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу