freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық каратэші Испанияда жарыста топ жарды

Спорт
Қазақстандық каратэші Испанияда жарыста топ жарды
Karate Gallery.

Қазақстандық каратэші Дінмұхаммед Айдарбек Испанияның Ла-Корунья қаласында өткен А сериясы санатындағы турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандасымыз кумите бағдарламасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда түркиялық спортшы Мерт Халичтен басым түсті. Тартысты өткен жекпе-жек 5:2 есебімен аяқталды. Аталған салмақта қола жүлдені Португалия спортшылары еншіледі.

Дінмұхаммед Айдарбек топтық кезеңде Италия, Франция және Португалия өкілдерін жеңіп шықты. Плей-офф кезеңінде Сауд Арабиясының спортшысы Сауд Әл-башерді, ал жартылай финалда Германиялық Флориан Обитцті ұтып, финалға жолдама алды.

Бұл салмақта өнер көрсеткен басқа қазақстандық спортшылар топтық кезеңнен аса алмады.

Айта кетейік, биылғы жарысқа 85 елден 1290 спортшы қатысып, А сериясы турнирлері тарихындағы рекордтық көрсеткіш тіркелді. Бүгін жарыста қалған жүлделер сарапқа салынады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу