Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық зілтемірші Едіге Емберді әлем чемпионы атанды

Спорт
Қазақстандық зілтемірші Едіге Емберді әлем чемпионы атанды

Қазақстанның ауыратлеті Едіге Егемберді жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Испанияның Леон қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған жарыста қазақстандық Едіге Емберді жеңімпаз атанды.

89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақ ауыратлеті екі жаттығуда 352 келіні (153+199) бағындырды.

Айта кетейік, бұл әлем біріншілігіндегі Қазақстан құрамасына түскен екінші медаль. Бұған дейін 81 келіде өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков жарыстың қола жүлдегері атанған еді. Ол екі жаттығудың қорытындысы бойынша 344 келі (154+190) зілтемір көтерді.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу