freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтарда 40 миллионға жуық кредит бар. Ұлттық банк лимиттер енгізбек

Қоғам
Қазақстандықтарда 40 миллионға жуық кредит бар. Ұлттық банк лимиттер енгізбек
Gov.kz

Жақында Қазақстан Ұлттық банкі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап, "бір қолға" берілетін кредиттер санын шектеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

Басқаша айтқанда, азаматтардың борыштық жүктемесіне шектеу қойылмақ.

Қазақстандықтардың қарызы расымен де көп пе? Әңгіме тұтынушылық мақсаттарға алынған 17 триллион теңгеге жуық қаражат туралы болып отыр.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар "қазір сатып ал - кейін төле" қағидасымен өмір сүруге бейімделіп барады. Бұған мынадай мәліметтер дәлел болады:

Тұтынушылық кредиттер бірнеше жыл ішінде үш есеге жуық өсті.

Бөліп төлеу қызметі банктердің тұтынушылық қарыз портфелінің төрттен бірін иеленіп отыр.

Ал реттеуші BNPL-сервистер мен маркетплейстер үшін жаңа ережелер дайындап жатыр.

Кредит алу баяғыдай таңсық дүние болудан қалды. Жақын араға дейін қарыз тек пәтерге, көлікке немесе күрделі жөндеуге алынатын еді. Қазір телефон, шаңсорғыш, киім-кешек, әуебилеті, жиһаз, косметика, тұрмыстық техника, тіпті жай ғана "акциядағы заттарды" қарызға сатып алу оңай. Сауда жасау процесі жылдам әрі байқалмайтын күйге енді: екі рет бассаңыз болды - тауар сіздікі. Ақшасы - кейін.

Кредиттің өзі жаман нәрсе емес. Егер адам ақшаны не үшін алып жатқанын, қанша қайтаратынын және оның бюджетіне қалай әсер ететінін түсінсе, ол қалыпты қаржылық құрал бола алады. Бөліп төлеу де, егер ол төлемді артық шығынсыз бөлуге көмектессе, қолайлы болуы мүмкін.

Мәселе кредит немесе бөліп төлеу міндеттеме ретінде қабылданудан қалып, үйреншікті тұтыну әдетіне айналған кезде басталады.

Қазақстандықтардың қанша "тұтынушылық" кредиті бар

Ұлттық банк мәліметінше, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторының халыққа берген кредиттері 25,067 триллион теңгеге жеткен. Олардың үштен екісінен астамын дәл осы тұтынушылық қарыздар құрайды:

Ал халыққа берілген кредиттер көлемі бірнеше жыл ішінде былайша өсті:

2022 жылдың басында ол 10,038 триллион теңге болған.

Ал 2026 жылдың сәуіріне қарай кредиттер көлемі 25,067 триллионға жетті.

Тұтынушылық қарыздар портфелі дәл осы кезеңде 6,132 триллионнан 16,854 триллион теңгеге дейін өсті. 

Нақтырақ айтқанда, қазақстандықтардың банктерге қарызы айтарлықтай өсті - әсіресе күнделікті тұтынуға алынған қарыздар бойынша. 

Бір орташа қарыз алушының қанша кредиті бар?

Бірінші кредиттік бюро (БКБ)деректеріне сүйене отырып, адамдардың қанша қарызы бар екенін ғана емес, бір уақытта қанша кредиттік міндеттемесі бар екенін де қарастырдық.

БКБ талдау орталығы мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықтың бюроға ақпарат беретін барлық ұйым алдындағы қалдық берешегі 27,5 триллион теңге болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу