freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтардың несиесі 27,5 трлн теңгеге жетті

Қоғам
Қазақстандықтардың несиесі 27,5 трлн теңгеге жетті
Pixabay

Қазақстандықтардың несие жүктемесі тым артып кеткен. ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкіметте «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар» таныстырылғаннан кейін ұйымдастырылған баспасөз конференциясында нақты статистиканы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, аталған жоспарда халықтың қарыз жүктемесін төмендету және қаржылық белсенділігін арттыру қарастырылған. 

– Бірінші кредиттік бюро талдау орталығының деректеріне жүгінсек, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, бюроға ақпарат беретін барлық ұйымға халықтың қарызы – 27,5 триллион теңге. Бұл сомаға жеке кәсіпкерлердің несиелері және есептен шығарылған берешек кірмейді. Ал ең соңғы төлем үшін аударылған сыйақы есепке алынды, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, жалпы 8,95 миллион борышкердің 39,4 миллион несиесі бар. Сонда орта есеппен әр адамға 4,4 несиеден келеді.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде несие бергенде, қарыз жүктемесін есептеу ережесі өзгеретінін жазғанбыз.



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу