freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанға келетін шетелдіктерге жаңа талап енгізілмек

Құқық
Қазақстанға келетін шетелдіктерге жаңа талап енгізілмек
BAQ.KZ архивінен

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанға кіруі, ел аумағында болуы және шығуы қағидаларына өзгерістер енгізу туралы жобаны әзірледі. Құжатта шетелдіктер үшін елге кіруге электронды рұқсат беру жүйесін енгізу көзделген. Тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы қоғамдық талқылауға жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Құжатқа сәйкес, бұл бастама Мемлекет басшысының көші-қон саласын жаңғырту және цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» заңды іске асыру аясында әзірленген. Негізгі жаңашылдық – шетел азаматтарына Қазақстанға кіруге электронды рұқсат алу мүмкіндігін беру.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұсынылып отырған өзгерістер қолданыстағы елге кіру және болу қағидаларын көші-қон туралы жаңартылған заңнамаға сәйкестендіруге, сондай-ақ көші-қонды бақылаудың цифрлық платформасының жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар құжаттағы ұғымдар Конституцияның қолданыстағы нормаларымен де үйлестіріледі.

Түсіндірме материалдарда электронды рұқсат жүйесін енгізу көші-қон ағындарын есепке алуды барынша ашық, жедел әрі толық жүргізуге ықпал ететіні айтылған. Бұдан бөлек, электронды рұқсатты рәсімдеу үшін сараланған төлем енгізу ұсынылып отыр. Жиналған қаражат цифрлық инфрақұрылымды техникалық сүйемелдеуге, оны жаңғыртуға және дербес деректерді қорғауға бағытталмақ, - деп түсіндірді ІІМ.

Жобаға сәйкес, жаңа жүйені енгізу 2026 жылғы тамыз бен желтоқсан аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл барлық өткізу бекеттеріндегі шекаралық инфрақұрылым мен логистикалық процестердің жаңа тәртіпке біртіндеп бейімделуіне мүмкіндік береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу