Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның 55 азаматы Шығыс Азия елдерінде құлдыққа тап болған

Қоғам
Қазақстанның 55 азаматы Шығыс Азия елдерінде құлдыққа тап болған
Фото: СІМ

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz zakonkz-ке сілтеме жасап.

«2022 жылдан бері Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ Қазақстанның Таиланд пен Вьетнамдағы елшіліктеріне еңбек қанауына, сексуалдық құлдыққа, киберқылмыскерлердің тұзағына түсуге және бостандығынан шектелуге байланысты зардап шеккен азаматтардан 55 өтініш түсті. Барлық 55 адам Мьянма, Камбоджа және Лаоста, негізінен шекара маңындағы аумақтарда зардап шеккен. Олардың Қазақстанның қай өңірлерінен шыққаны туралы нақты дерек жоқ», – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Зардап шеккендердің барлығы босатылып, Қазақстанға қайтарылды. Олардың жасы 18 бен 45 жас аралығында, көпшілігі – ер адамдар. Әлеуметтік жағдайлары әртүрлі: жұмыссыздардан бастап IT-вакансия іздегендерге дейін. Олардың дерлік бәрі жалған жұмыс ұсыныстары мен фейк вакансиялардың арбауына түскен.

«Зардап шеккендердің негізгі бару бағыты – Мьянма, Камбоджа және Лаос. Таиланд транзиттік ел ретінде пайдаланылған. Вербовка әлеуметтік желілер, фейк сайттар және жалған IT-вакансиялар арқылы жүргізілген», – деп хабарлады СІМ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу