Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ЖСН беруді тоқтатты

Құқық
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ЖСН беруді тоқтатты

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды», деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі.

Пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері тізімінде республиканың 96 елшілігі мен консулдығы бар.

Айта кетейік, ЖСН - деректер базасындағы бірегей код. Ол Қазақстанда кез келген цифрлық мемлекеттік қызметтерді алу үшін, сондай-ақ қазақстандық банктерде шоттар ашу үшін қажет.

Фото: GOV.KZ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу