Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі Тұрақты өкілі қызметіне кірісті

Саясат
Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі Тұрақты өкілі қызметіне кірісті

Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваяға өз уәкілеттілігін табыс етіп, міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті. Бұл туралы СІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды Malim.kz.

Әңгімелесу барысында Елші Е.Қазыхан Т.Валоваяға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипатын жеткізіп, Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің жұмысын одан әрі қолдайтынын қуаттады. Т.Валовая өз кезегінде Қазақстанның БҰҰ аясындағы белсенді жұмысын құптап, Тұрақты өкілді Бөлімше қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тараптар бірлескен жобалар мен көпжақты іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін, БҰҰ-ның Женева алаңында Қазақстанның ірі халықаралық бастамаларын одан әрі ілгерілету перспективаларын талқылады. Алматыдағы БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының жұмысы мен келесі жылы Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке ерекше назар аударылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Қазыхан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалғанын жазған едік. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу