Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«ҚазМұнайГаз» топ-менеджері миллиондаған сыйақы туралы сұраққа жауап бере алмады

Қоғам
«ҚазМұнайГаз» топ-менеджері миллиондаған сыйақы туралы сұраққа жауап бере алмады

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Асет Мағауов топ-менеджерлерге берілген сыйақы және жанармай бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мағауовтың айтуынша, Қазақстанда бензин әлем бойынша ең арзан отындардың бірі саналады.

«Кез келген жеңілдік тек нақты мұқтаж адамдарға бағытталуы тиіс. Біз бензин мен дизельді оңды-солды, көрші елдердің азаматтары мен транзиттік көліктерге тарата алмаймыз. Компанияның басты міндеті — табыс тауып, салық төлеу. Сол салық арқылы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мұнай өнімдері — мемлекеттің байлығы», – деді ол.

Алайда топ-менеджерлерге берілген сыйақы туралы нақты сұраққа жауап бере алмады. Себебі 17 адамға жалпы 705 миллион теңге сыйақы төленген.

«Сыйақы көп пе, аз ба — білмеймін. Бұл ақпарат менде жоқ. Қаржы блогына сұрау жіберіңіздер, әр қызметкер бойынша мәлімет беріледі», – деді Асет Мағауов.

Фото: Қазмұнайгаз

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу