Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында жол апатынан үш адам мерт болды

Оқиға
Қостанай облысында жол апатынан үш адам мерт болды

Қостанай облысында жол апатынан 6 адам зардап шекті. Апат салдарынан 3 адам көз жұмды және 3-уі ауруханаға жеткізілді. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

- Алдын ала мәлімет бойынша, 16 желтоқсан күні түстен кейін Қарасу ауданы Герцено кентінен 10 шақырым жерде «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолында Volvo және Toyota Alphard автомобилі қақтығысып апат болды. Жол апатынан жарақат алған 3 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды, - делінген хабарламада. 

Өңірлік полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу әрекеті) бойынша тергеуді бастады.

Еске сала кетейік, Қостанай облысы Рудный қаласында жол апатынан соң, автобус жүргізушісі өз-өзіне қол салған еді. 

Фото: Gov.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу