Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Құқық
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының прокуратурасы жер қатынастары саласындағы заңдылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударады, өйткені жер ресурстарын тиімді пайдалану және бөлу ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді, деп хабарлайды Malim.kz.

2023-2024 жылдары аудан прокуратурасымен осы мәселе бойынша әкімдіктің атына 7 қадағалау актісі енгізілді, соның нәтижесінде мемлекет кірісіне ауданы 13,6 мың га жер учаскелері қайтарылды, кадастрлық құны 219 млн теңгеден асты.

Ағымдағы жылы прокуратураның бастамасы бойынша уәкілетті орган жалпы ауданы 5,6 мың га болатын тағы 56 учаске бойынша тексеру іс-шараларын бастады.

Сонымен қатар, аудан прокуроры Азат Сагнаев жер қатынастары саласындағы «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен кездесу өткізіп, жер заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу