freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай тұрғыны асырап алған қызын зорлады деп айыпталды

Құқық
Қостанай тұрғыны асырап алған қызын зорлады деп айыпталды
Sotni.ru

Қостанайда әйел бұрынғы жұбайын асыранды қызына жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деп айыптап отыр. Оның айтуынша, бұл жайт сот процесі кезінде белгілі болған. Алайда қозғалған қылмыстық іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аstanatv.kz арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Қостанай тұрғыны бұрынғы жұбайын асыранды қызына жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деп айыптап отыр. Әйелдің айтуынша, жағдай сот процесі кезінде белгілі болған. Балалар өздері әкесін қамқоршылық құқығынан айыруды талап еткен. Сол кезде қыз екі жыл бойы асыранды әкесінің тарапынан жыныстық сипаттағы әрекеттерге ұшырағанын айтып берген. 
 

Белгілі себептерге байланысты әйел өз аты-жөнін жасырын қалдыруды сұрап, жүзін көрсетпеуді өтінген. Қостанай тұрғынының айтуынша, олар күйеуімен бірге екі баланы нәресте кезінен асырап алған. Қазір ұл бала 17 жаста, қыз 11 жаста. Екі жыл бұрын ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен.

Сол кезде балалар ер адамды ата-ана құқығынан айыруды талап етіп, оның өздеріне жаман қарым-қатынас жасағанын айтқан. Сот процесі барысында асыранды қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер болғаны белгілі болды, дейді әйел.

"Асырап алуды тоқтату ісі бойынша сот психиатриялық сараптама тағайындады. Сол сараптама қорытындысында психолог баланың психологиялық жарақатын анықтады. Қыз 7 мен 9 жас аралығында оған тиісіп жүргенін айтты. Ал қорлау, кемсіту сияқты әрекеттер үнемі болған. Ол балаларды мен жұмыста жүргенде үйде жасырын жазалап, егер маған айтсаңдар, ұрып-соғамын деп қорқытқан екен", –дейді қостанайлық тұрғын.

Әйелдің айтуынша, Павлодардан шақырылған психиатр қызбен сөйлесіп, оның сеніміне кіре алған. Сол кезде қыз кейбір жайттарды айтып берген.

"Қыздың айтуынша, ол қарсылық көрсеткен кезде аяғын белбеумен байлап тастаған, бір рет саусағын пышақпен тілген. Одан бөлек, өзін жалаңаш күйінде суретке түсіріп, қызды да жалаңаш суретке түсірген. Кейде оны өзін жалаңаш күйінде суретке түсіруге мәжбүрлеген", – деді әйел.

Әйел бұрынғы жұбайына қатысты асыранды қызына жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады деген айыппен полицияға арыз жазған. 

Қостанай облыстық полиция департаменті Қылмыстық іс қозғалғанымен, кейін тоқтатылғанын мәлімдеді.

"Іс бойынша барлық мән-жай жан-жақты, толық әрі объективті зерттелді. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", – деді облыстық полиция.

Алайда Қостанай тұрғыны мен оның адвокаты бұл шешіммен келіспейтіндерін айтып, қылмыстық істің тоқтатылуына шағым түсірмек. Олар істің қайта қаралып, кінәлі тұлға тиісті жазасын алуы керек деп есептейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу