Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанайда оқушы мектепте бомба бар деп полицияны дүрліктірді

Құқық
Қостанайда оқушы мектепте бомба бар деп полицияны дүрліктірді

Қостанайда бомба мен террористер туралы хабарлаған оқушы анықталды, – деп хабарлайды Malim.kz.

Қостанай облысы ПД шұғыл қызметінің телефонына қоңырау келіп түскен. Онда тұтқада баланың дауысы облыс орталығындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы мен террористер бар екендігін хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 9 жасар баланы анықтаған.

Ол көшеде жүріп, осылайша достарының көңілін көтеруді шешкен. Оқиға орнына арнайы қызметтер барып, қызметкерлер мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ата-аналарға тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қаралады, – деп мәлімдеді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу