Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанайда терроризмді насихаттаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Құқық
Қостанайда терроризмді насихаттаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Қостанайда полицейлер радикалды діни идеологияны насихаттаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қостанай облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Радикалды діни идеологияны ұстана отырып, ол өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дінді ұстанатын азаматтардың төмендігін насихаттайтын және діни себептермен зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан.

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін оған қатысты 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделіп отыр, ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Ол сондай-ақ осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілі жатыр. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

Фото: Polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу