Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанайдағы көпқабатты үйдегі өрт шығып, 34 адам эвакуацияланды

Қоғам
Қостанайдағы көпқабатты үйдегі өрт шығып, 34 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Қостанай қаласының Береке шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Өрт туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жедел жетті.

Құтқарушылар жүргізген жедел барлау барысында қатты түтін жағдайында баспалдақ арқылы алты адам құтқарылып, тағы 28 тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Оқиға орнында эвакуацияланған тұрғындар үшін жылыту пункті ұйымдастырылды.

Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып, өрт-техникалық сараптама тағайындалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу