freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қуаныштың көз жасы... Сүйінші": Баян Алагөзованың күйеуі асыға күткен жаңалығын айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Қуаныштың көз жасы... Сүйінші": Баян Алагөзованың күйеуі асыға күткен жаңалығын айтты (ВИДЕО)
Ашық дереккөзден. Суретте: Баян Алагөзова мен Тұрсын Алагөзов

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауыты қызметкерлеріне қуанышты жаңалық жеткізді. Кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойына орай ұжымға 50 пәтер берілмек, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қуанышын білдірді.

"Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне тағы 50 пәтер – кәсіпорынның 50 жылдығына тамаша тарту! Сенімен мақтанамын", – деп жазды ол.

Айта кетейік, Шымкент сыра зауыты – еліміздегі ірі әрі тарихи өндіріс орындарының бірі. Бұл бастама кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетілген ерекше әлеуметтік қолдау ретінде бағаланып отыр.

Баян Алагөзова туралы

Баян Алагөзова – қазақстандық шоу-бизнес пен медиа кеңістігіндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі. Ол продюсер, актриса, тележүргізуші және әнші ретінде танымал. 1974 жылы 9 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын болып өскен Баянның шығармашылыққа деген қызығушылығы ерте байқалған.

Ол көпшілікке алғаш рет 1993 жылы жарық көрген "Махаббат бекеті" фильмі арқылы кеңінен танылды. Осы жобадан кейін медиа саласында белсенді еңбек етіп, журналистика мен тележүргізушілік бағытында өзін көрсетті. Түрлі телебағдарламаларды жүргізіп, көрерменнің ықыласына бөленді.

2006 жылдан бастап продюсерлік қызметке ден қойып, шоу-бизнес саласында ауқымды жобаларды жүзеге асыра бастады. Солардың бірі – КешYOU тобы, ол кейіннен қазақстандық эстрададағы танымал ұжымдардың біріне айналды. Сонымен қатар ол Жанар Дугалова, Ерке Есмахан сияқты өнерпаздармен жұмыс істеп, олардың шығармашылық жолына елеулі үлес қосты.

Бұдан бөлек, Баян Алагөзова кино мен телесериалдарда актриса ретінде де бой көрсетіп, түрлі жобаларға қатысты. Бүгінде ол тек шоу-бизнес саласында ғана емес, жалпы мәдениет пен медиа кеңістікте белсенді қызмет етіп жүрген көпқырлы тұлға ретінде танылып отыр.

Бұған дейін Баян Алагөзова "Қыз Жібек" фильміндегі камзолға қатысты көпшілік арасында туындаған дауға пікір білдірген еді. Өнер иесі бұл ұлттық киімді қызының ұзату тойында пайдаланғысы келетінін айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу