freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қызымның "Қыз Жібектің" қамзолымен ұзатылғанын қалаймын": Баян Алагөзова күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Қоғам
"Қызымның "Қыз Жібектің" қамзолымен ұзатылғанын қалаймын": Баян Алагөзова күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал продюсер Баян Алагөзова "Қыз Жібек" фильміндегі камзолға қатысты көпшілік арасында туындаған дауға пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі бұл ұлттық киімді қызының ұзату тойында пайдаланғысы келетінін айтты. Оның сөзінше, шамамен 15 жыл бұрын "Қазақ аруы" жобасын қолға алған кезде қазақтың ұлттық киімдері сәнде болмаған.

"Осыдан 15 жыл бұрын елде ешқандай сәнде, трендте болмаған тұста "Қазақ аруы" жобасын жасадық. Қыздарға қазақтың ұлттық киімін кигізіп, сұлулық сайысын ұйымдастырдық. Ал, қазір Қыз Жібектің камзолы да ең танымал костюмге айналды. Әрбір қыз осы киімде ұзатылсам деп, армандайтын болды. Енді мен де ортаншы қызым Айару Бақытбектің "Қыз Жібек" тарихи фильміндегі камзолмен ұядан ұшып, бақытты болғанын қалаймын. Күтеміз… Ал, содан кейін ғана мен бұл камзолды музейге өткіземін", – деді Баян Алагөзова.

Еске сала кетейік, 17 сәуір күні Баян Алагөзова әлеуметтік желіде "Қыз Жібек" фильміндегі қамзолды киіп, оны сыйлық ретінде алғанын хабарлаған болатын. Осыдан кейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл тарихи жәдігердің жеке меншікке қалай өткенін тексеретінін мәлімдеді. Ал продюсер өз кезегінде 50 жыл бойы назардан тыс қалған қамзолды ешкімге қайтармайтынын айтқан еді.

"Қыз Жібек" – қазақ киносының мәңгілік мұрасы

"Қыз Жібек" – қазақ кино өнерінің інжу-маржаны саналатын туындылардың бірі. Фильм 1970 жылы Қазақфильм студиясында түсіріліп, екі бөлімнен тұратын көркем шығарма ретінде жарық көрді. Туындының режиссері – Сұлтанахмет Қожықов, ал сценарийін Ғабит Мүсірепов жазған. Картина қазақ тілінде түсірілген және эпостық-драмалық жанрға жатады.

Фильмде басты рөлдерді Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков және Асанәлі Әшімов сомдаған. Ал музыкалық сүйемелдеуді қазақтың көрнекті композиторы Нұрғиса Тілендиев жазған.

Фильмнің оқиғасы қазақтың лиро-эпостық жыры негізінде өрбиді. Алғашқы бөлімде Базарбайдың ұлы Төлеген өзіне қалыңдық іздеп, көптеген арудың ішінен Сырлыбай ханның қызы Жібекті таңдайды. Алайда қызғаныштан туған қастандық салдарынан Бекежан Төлегенді өлтіреді. Бұл қайғылы жағдай Жібектің тағдырына ауыр соққы болып тиеді.

Екінші бөлімде Төлегеннің інісі Сансызбай ағасын іздеуге аттанып, жаумен шайқасып, елін қорғап, Жағалбайлы елін азат етеді.

Фильмде қазақ халқының салт-дәстүрі, махаббат, адалдық пен ерлік секілді құндылықтар кеңінен көрініс тапқан. "Қыз Жібек" – ұлттық киноның алтын қорына енген, мәдени әрі тарихи маңызы жоғары туынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу