Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қуат Хамитов Головкинді сынады

Спорт •
Қуат Хамитов Головкинді сынады

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов өзін әйгілі боксшы Геннадий Головкинмен салыстырды, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz cайтына сілтеме жасап.


Namys Fighting YouTube-арнасына берген сұхбатында танымал файтер Головкинді сынға алған сәтін еске алды.

Неліктен мен бір кезде Головкинді сынадым? Бір кезеңде ол жекпе-жекке шығып, бәрін жеңіп жүрді. Сол кезде мен армандаған жекпе-жекті — Головкин мен Андре Уордтың кездесуін көргім келді. Головкин 73 килограмға дейінгі салмақта, ал Уорд — 76 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсетті. Головкин сол кезде жеңілмеген «монстр» болатын, бірақ үш-ақ килограмға көтерілуден бас тартты. Кездесу болмады, ал ол жекпе-жекті бүкіл әлем күткен еді.

Ал мен ше? Мен 70 килограммдық салмақтан бірден 25 килограмға көтерілдім. Енді мені «көтеріліп алып, ұтылды» деп сынайды. Ал адамдар өз салмағында жүріп-ақ бірінші немесе екінші раундта нокаутпен ұтылады — үйдегідей «ұйықтап» қалады. Ал мен 100 килограммдық «монстрмен» жарақатпен, оң қолсыз шықтым, бірақ соңына дейін айқастым. Жеңілсем де, берілмедім, «ұйықтаған» жоқпын, - деді Хамитов.

Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу