Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Құлагер» хоккей командасының басшысы ұсталды

Құқық
«Құлагер» хоккей командасының басшысы ұсталды

Бұған дейін алаяқтық бойынша күдікке ілінген Сергей Филь қолға түсті.

Тәртіп сақшылары оны Қарағандыда ұстады. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Астананың 45 жастағы тұрғыны екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Ер адам полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер бұл кезеңде жария етілмейді, — делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге салайық, СҚО-дағы «Құлагер» хоккей клубының бастығы 24 қыркүйектен бері хабар-ошарсыз кетіп, бірнеше хоккейші оған алаяқтық фактісі бойынша полицияға шағымданғанын жазған едік.

Фото: «Құлагер» ХК

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу