freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құрылыс саласына ЖИ технологияларын енгізу көлемі артады

Қоғам
Құрылыс саласына ЖИ технологияларын енгізу көлемі артады
Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев құрылыс саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу жыл соңына дейін кеңейтілетінін айтты. 

Биыл 9 қаңтарда құрылыс саласын 2026–2027 жылдарға цифрландыру жоспары бекітілді. 2025 жылдың соңында Астана қаласында құрылыс барысын бақылау үшін компьютерлік көру және жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін жобаны масштабтау жоспарлануда. Жүйе жер учаскелерін мақсатсыз пайдалануды және қала құрылысы жоспарларынан ауытқуларды ерте кезеңде автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл превентивті бақылау құралын қалыптастырып, құрылыс барысына жедел мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, - деді Жаслан Мәдиев.

Вице-министрдің айтуынша, құрылыстағы бірыңғай цифрлық тәсіл 3 бағытқа негізделген. Деректерді орталықтандыру барлық жүйелерді біртұтас цифрлық экожүйеге біріктіреді. Сәйкестендірудің ашықтығы нысандарға цифрлық паспорттар беруді қамтамасыз етеді. Өзара іс-қимылды автоматтандыру адами фактордың әсерін төмендетеді. Бұл құрылыс саласын басқару тиімділігін арттырады. 

Объектілердің өмірлік циклінің барлық кезеңінде бірыңғай деректер негізінде цифрлық басқару моделі енгізілуде. Цифрлық құралдар процестердің ашықтығын арттырып, шығындар мен тәуекелдерді азайтады және алдын ала басқаруға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, саланың тұрақты дамуына ықпал етеді, - деді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу