freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қылмыстық топпен біріккен": Ақтөбеде жылқышыны соттатып жіберген кәсіпкер мәлімдеме жасады

Құқық
"Қылмыстық топпен біріккен": Ақтөбеде жылқышыны соттатып жіберген кәсіпкер мәлімдеме жасады
Желі кадрларынан скрин/ Stan.kz коллаж

Ақтөбеде 100 жылқыны жоғалтты деп айыпталып, кейін ақталып шыққан жылқышының бастығы желіде оқиғаға байланысты өз нұсқасын айтып пікір білдірді. Айтуынша, жылқышы Рахат Сәрсенбай бұған дейін, ішімдікке салынып, малдарын қылмыстық топпен ұйымдасып, сатып жібермек болған. Сонымен қатар жылдар бойы малын тегін жеп, 40 жас мерейтойын тойлап, бастығының арқасында балаларын үйлендірген. Бұл туралы  Malim.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды. 

69 жастағы кәсіпкер Тәжіғали Елеуов қол астында жұмыс істеген малшы Рахат Сәрсенбай туралы желіде мәлімдеме жасады.

“Кешеден бері мен туралы дауға байланысты өз пікірімді білдіруге шығып отырмын. Расында мен мал шарауашылығымен айналыса бастаған кезде Рахатты малшы етіп жұмысқа алдым. Екеуіміз біраз жыл бірге жұмыс істедік. Әрине, жұмыс барысында басымыздан көптеген нәрселер өтті. Мен оның арағына, 5-6 бас жоғалтқан жылқыларына мән бермедім. Ал соңғысында үлкем көлемде, қасына қылмыстық топ құрып, оның бірі малымды сатып жатқан жерінен ұсталып, қазіргі таңда түрмеде жазасын өтеп отыр. Бірақ ол отырған қылмыскер мал ұрлаумен бұрын да айналысқан адам болғандықтан сол кезде Сәрсенов Рахат жазадан құтылып кетті. Қазір мен өзімнің жоғалған малымды жауапты адамнан талап етуімді заңды деп санаймын. Оған дәлел Сәрсенов Рахатты қылмыскер деп растаған сот үкімі. Бірақ қылмысты жасырғысы келіп, құтылу үшін айлакер адамдар кешеден бері Сәрсеновты толық ақталып шықты деп халықты алдап, зардап шеккен халық қаһарманы етіп отыр”, – деді ол. 

Кәсіпкер қазір өзіне қарсы айтылған блогерлердің ақпаратына қарсы тұруға шарасыз екенін айтып, барлық ақпаратқа сенбеуге шақырды.

“Мен жастайымнан жұмыс істеген, шаруадан қорықпай, өзімді аямай, жеңіл жол іздемеген адаммын. Менің кәсібім нағыз қара жұмыс. Әрине, мен блогерлерге төтеп бере алмаймын. Олар мені нағыз жаман адам етіп отыр. Мен сендердің алдарыңа шығудағы мақсатым ақталу емес. Тек айтарым желі арқылы қаралым жинау арқылы табыс көріп жүргендердің сөздеріне ілесіп, менің ар-намысыма және іскерлік беделіме нұқсан келтіріп, атымды балағаттап жатқандарға ескертемін. Бұл жөнінде ары қарай заңгерлер жұмыс істейді. 

Әрине мені танымайтындарға реніш білдірмеймін. Оның қасында өмір бойы менің малымды тегін жеп, 40 жас тойын жасап, 4 баласын үйлендіріп, бүкіл ақшасын төлеп, түрмеден екеуін құтқарып, жақсылығымды түсінбеген басқаларға не айтасың?! Бәріңе амандық тіледім. Мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін”, -деп қорытты ол. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облыстық апелляциялық соты өмір бойы жылқы баққан 60 жастағы Рахат Сәрсеновті түрмеден босатқаны туралы жазған едік. Қожалық иесінің арызынан кейін ол 100 жылқыны жымқырды деген айыппен 7 жылға сотталған. Жылқышының мойнына 30 миллион теңге шығын ілінген. Апелляциялық сотта ұсынылған қосымша дәлелдерден кейін бір ғана жылқының жоғалғаны анықталды. Бұл оқиға қоғамда резонанс тудырып, кәсіпкер, блогерлер жылқышыға қолдау көрсетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу