Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қымбат тұрады». Қайрат Нұртас сахнада аяғына жабысқан қыздарға жауап берді

Мәдениет
«Қымбат тұрады». Қайрат Нұртас сахнада аяғына жабысқан қыздарға жауап берді

Әлеуметтік желіде концертке барған қыздардың танымал әнші Қайрат Нұртастың аяғын құшақтаған видеосы таралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайрат Нұртас көрерменмен тілдесіп, ән шырқап тұрғанда қыздар әншінің аяғына жабысқан. Ол қыздардың бұл әрекетіне бірден жауап берген.

Жаным, аяғымды ұстамаңызшы, ұяламын мен. Кәдімгі қарапайым адаммын ғой. Жәй кроссовкам 5500 доллар тұрады, – дейді әнші.

Желі қолданушылары концертке барған халықты сынап жатыр.

«Неге біреудің аяғына жабысады?», «Мәдениет қайда?», «Телефонға түсірсін, гүл берсін, әншіні құрметтейтінін көрсетсін, бірақ аяғын ұстап несі бар», «Қыздар жабайы болып кеткен», - деп жазды желідегілер.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу