Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғыз президенті шенеуніктерді қысқартып жатыр

Саясат
Қырғыз президенті шенеуніктерді қысқартып жатыр

Қырғызстан президенті Садыр ЖАПАРОВ мемлекет аппаратындағы шенеуніктерді қысқарту туралы жарлық қабылдады.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім атқарушы биліктің басқару әдісін жетілдіру, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында қабылданған.

Құжатқа сәйкес, президент әкімшілігінің, министрліктердің, комитеттердің, әкімшілік мекемелердің, басқа да атқарушы билік органдарының штаттағы қызметкерлері 30 пайызға қысқартылады.

Бұған қоса президент Жогорку Кенешке парламент аппаратындағы қызметкерлерді отыз пайызға қысқартуға кеңес берген. Жергілікті атқарушы биліктер де қызметкерлерін отыз пайыз қысқартуы тиіс.

Еске салайық, Қырғызстан билігі билік органдарын қысқартуға жыл басында кірісті. Мәселен, министрліктер, комитеттер және агенттіктер 48-ден 12-ге қысқарды.

2020 жылғы қарашадағы мәлімет бойынша, Қырғызстанда 28 мың мемлекеттік қызметкер болған. Олардың айлығына жыл сайын 48 млрд сом бөлінген.

Фото: twitter.com

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу