Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытай елінің туын өртеген 12 адам қамауға алынды

Қоғам
Қытай елінің туын өртеген 12 адам қамауға алынды
видеодан скриншот

13 қараша күні Алматы облысының Ұйғыр ауданында тұрғындар Қытай туын және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің суретін өртеп, оның видеосын әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлайды Malim.kz. Orda.kz сайтына сілтеп. 

Бейнежазбадағы әйел туысы Әлімнұр Тұрғанбайды Қытай билігінің нақақтан-нақақ ұстап әкетіп, қамап, елге жібермей отырғаны үшін осындай әрекетке барғанын түсіндірді. Оның айтуынша, Тұрғанбай төрт ай бұрын Қытайға барғаннан кейін еш себепсіз қамауға алынған.

«Қытай тарапы ешқандай жауап бермей отыр. Сол себепті наразылығымды тоқтатпаймын», — дейді әйел.

Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары іске қатысы бар адамдарды анықтап, материалдарды сотқа жолдаған.

«Cот шешімімен 12 азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Кішігірім бұзақылық») бойынша жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды» деп жазды Алматы облысының полиция департаменті.

Сонымен қатар, тағы алты адамға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынғаны хабарланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу