Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытайдан Қазақстанға полиция формасының ірі партиясы өткізілмек болған

Оқиға
Қытайдан Қазақстанға полиция формасының ірі партиясы өткізілмек болған

27 сәуірде Қорғас "ШЫХО" кеден бекетінің қызметкерлері кедендік және шекаралық бақылауды тексеру барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының символикасы бар формалық киімнің ірі партиясын ("POLISIA" жазуы бар) ұстады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Бұл киімдер Қытай тарапынан қазақстандық бөлікке келушілердің жүгін тасымалдаған автокөлікті тексеру кезінде табылды. Жалпы салмағы 1 775 кг болатын 71 багаж орны тәркіленді.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, Қорғас "ШЫХО" арқылы өткен жеке тұлғалар сатып алған тауарларын арнайы тасымалдаушылар арқылы шекарадан өткізе алады. Алайда бұл жағдайда, әкелуге шектеу қойылған тауарлар санатына жататын өнім анықталды. Ресми символикасы бар формалық киімдер жеке пайдалануға арналған тауарлар қатарына жатпайды және арнайы тәртіппен әкелінуге тиіс.

Еске салайық, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешіміне сәйкес, жеке пайдалануға арналған тауарлардың түрлері, салмақтық және құндық нормалары белгіленген. Бұл нормалар кедендік төлемдерден босатылатын жағдайларға қолданылады.

Қазір бұл киімдер уақытша сақтау қоймасына орналастырылып, Қазақстан Республикасының заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекске сәйкес процестік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу