Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қыз баланы әуежайда қалдырып кету оқиғасы: Air Astana 5 млн теңге төлейді

Құқық
Қыз баланы әуежайда қалдырып кету оқиғасы:  Air Astana 5 млн теңге төлейді

Air Astana 12 жастағы Зере ісі бойынша аппеляциядан ұтылды. Бұл туралы баланың адвокаты Данильхан Шағатаев мәлімдеді.


— Бүгін Air Astana-ның Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне түсірген аппеляциялық шағымын қарау аяқталды. Тасымалдаушы моральдық шығынды 5 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге төмендетуді сұраған еді. 

Алматы қалалық сотының сот алқасы шағымды қанағаттандырудан бас тартып, шешімді өз күшінде қалдырды. Бұл баланың анасы алғашқы сот үкім еткендей 5 млн теңге моральдық шығын алады деген сөз, - делінген аввокаттың Telegram арнасындағы хабарламасында.

Қорғаушы осы бір даулы істің нүктесі қойылып, онда жеңіп шыққандарына қуанышты екенін жеткізген. 

— Сот қаулысы заңды күшіне енді. Бұл кейс алдағы уақытта жақсы үлгі болатыны сөзсіз, - деп түйген сөзін Данильхан Шағатаев. 

Еске сала кетейік, былтыр шілде айында FlyArystan әуе компаниясы ата-анасы сеніп тапсырған тұлғамен бірге Нью-Йорк қаласынан ұшып келіп, артынша Оралға ұшуы тиіс қыз баланы Астана әуежайында қалдырып кеткенін жазған болатынбыз.

Фото: Freepik.com  

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу