Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Оқиға
Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Қызылорда облысында, Тасбөгет кентінде ер адам қызғаныштан жұбайын соққыға жыққан, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Тасбөгетке полиция қызметкерлерінен сұхбат алуға келген журналист Жазира Бегалы оқиғаның куәсі болды.

Күйеуінің соққысынан әйелдің екі қабырғасы шытынап кеткен, мұны айғақтайтын анықтамасы бар.

"Мені үнемі балағаттап, балаларымның көзінше табалай береді", - дейді әйел. 

Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жәбірленуші екі баласымен бірге Дағдарыс орталығына орналастырылды. Ол жерде оларға жан-жақты психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр. Отбасын қорғау мақсатында күдіктіге (үшінші топтағы мүгедек) қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды", – деп хабарлады полиция.

Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу