Қызылордада «WornerBros» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ол тұрғындарды қысқа бейнероликтер мен фильмдерді көріп табыс табуға болады деген уәдемен қаржы пирамидасына тартқан. Қатысушыларға құны 10 мың теңгеден 11 млн теңгеге дейінгі VIP-пакеттерді сатып алу ұсынылып, жоғары табысқа кепілдік берілген.
Тергеу барысында салымшылардың қаражатын аударуға пайдаланылған криптоәмияндар анықталып, сот санкциясымен 3 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 5 жылға соттады. Сондай-ақ 24 жәбірленушінің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.