8 қаңтарға қараған түні Қызылорда қаласында қала тұрғыны мен оның 34 жастағы қызы қазын пышақтаған. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам да қаза тапқан. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға туралы полицияға марқұмдардың көршілері хабар берген. Шақырту бойынша жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстаған.
Ұсталған азамат — қаза тапқандардың көршісі.
Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», — делінген ресми хабарламада.