Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордада полицейді боқтаған оқушыға 18 мың теңге айыппұл салынды

Қоғам
Қызылордада полицейді боқтаған оқушыға 18 мың теңге айыппұл салынды

Қызылордада кәмелетке толмаған бала қоғамдық орында полиция қызметкеріне тіл тигізген, деп хабарлайды Malim.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақыры баланың анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«2024 жылдың 20 маусымында сағат 14:00 шамасында Қызылорда қаласы Камалов көшесінде Т.-ның кәмелетке толмаған ұлы Р., қоғамдық орында полиция қызметкеріне балағат сөздер айтып, тіл тигізген. Сотта азаматша Т., хаттамамен келісетінін, мұндай жағдай енді қайталанбайтынын айтып, сот пен инспектордан кешірім сұрады», делінген хабарламада.

Сот қаулысымен баланың анасы ӘҚБтК-нің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша кінәлі деп танылып, оған 18 091 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Фото:  policica.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу