Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордада полиция есірткі фитозертханасын жапты

Құқық
Қызылордада полиция есірткі фитозертханасын жапты

Қызылорда облысында полиция есірткі өсіретін фитозертхананың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда облысында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 40 жастағы ер адамды ұстады.

Cырдария ауданының тұрғыны өзінің үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, қарасора өсірумен айналысқан. Кейін оны таратуды көздеген.

 Тінту барысында ыдыстарға отырғызылған 86 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді. Жалпы 2,7 кг кептірілген марихуана және 10 кг қарасора өсімдігі анықталды. Күдікті ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Фото: polisia kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу