Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордадағы Сабалақ елді мекені табиғи газға қосылды

Экономика
Қызылордадағы Сабалақ елді мекені табиғи газға қосылды
ФОТОЛАР: © Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда қаласына қарасты Сабалақ елді мекенінде көптен бері тұрғындарды алаңдатып келген маңызды мәселе шешімін тапты. Елді мекен табиғи газға қосылып, тұрғындар көгілдір отынның игілігін көре бастады. Бұл жаңалықты Сабалақ халқы ерекше қуанышпен қабылдады.

Қала маңында орналасқан Сабалақ елді мекенінің халқы жыл сайын артып келеді. Мұнда жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп, соңғы үш жылда шамамен 5 млрд теңгеге ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, ауыз су желілері тартылды, қоғамдық көлік қатынасы ретке келтірілді.

 Мұнда жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп, соңғы үш жылда шамамен 5 млрд теңгеге ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды.

Тұрғындардың басты өтініштерінің бірі – табиғи газға қосылу мәселесі болатын. Өңір басшысы бұл сұранысты ескеріп, тиісті салаға мәселені жедел шешу жөнінде нақты тапсырма берген. Нәтижесінде демеушілік қаражат есебінен 53 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Жоба республикалық және облыстық бюджеттен қолдау тауып, оны іске асыруға 3,2 млрд теңге бөлінді. Газдандыру жұмыстары 2024 жылы басталған. Мердігер «Сырэнергогазстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үш кезеңнен тұратын жоба аясында шамамен 100 шақырым газ құбырын тартып, бір газ реттеу пункті мен бес шкафты газ реттеу пунктін орнатты.

 Мұнда жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп, соңғы үш жылда шамамен 5 млрд теңгеге ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды.

Қазір пайдаланушы мекемелер тарапынан тексеру және қабылдау жұмыстары толық аяқталып, елді мекенге жеткізуші газ құбыры жоғары қысымды газ желісіне қосылды. Жыл соңына дейін барлық жұмыстар толық тәмамдалып, 1670 абонент табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, өңірде 2021 жылдың соңында газдандыру деңгейі 67 пайызды құраған болатын. Соңғы жылдары атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2022–2025 жылдар аралығында жалпы құны 63,6 млрд теңгені құрайтын 77 жоба жүзеге асырылып, биыл Қызылорда облысында газдандыру көрсеткіші 83 пайызға жетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу