Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордалық құтқарушылар Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылды

Қоғам
Қызылордалық құтқарушылар Қостанай облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылды

Атап айтқанда, Қостанай қаласына құрамында 31 адам, 6 бірлік техника, 10 мотопомпа, 2 қайық бар облыстың құтқару жасағы жіберілді.

Қызылорда облысы ТЖД күштері мен құралдарымен Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді. Абай, Палуан және Боданов көшелерінде орналасқан тұрғын үйлердің аулаларында 7482 м3 су бұрылды, су деңгейі 10-15 см-ге төмендеді.

Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан Шыңтас фазендасынан қайықты пайдаланып 5 адам құтқарылды. Сонымен қатар, өрт сөндіру сорғы станциясын, мотопомпаны пайдалана отырып, 10 мың текше метр су сорылды.        

Қызылорда облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы Қостанай облысындағы әріптестерімен бірлесіп 2 үрлемелі қайықты пайдалана отырып, 5 адамды қауіпсіз жерге шығарды.

Құтқару жұмыстары кезінде бірқатар қостанайлықтар Қызылорда құтқарушыларына алғыстарын білдірді. Жұмыс жалғасуда.

Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу