Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызын кепілде ұстаған: қылмыстық топ қол-аяғы жоқ мүгедекті 10 жыл бойы қайыр сұратқан

Оқиға
Қызын кепілде ұстаған: қылмыстық топ қол-аяғы жоқ мүгедекті 10 жыл бойы қайыр сұратқан

Қарағандыда қол-аяғы жоқ мүгедекті 10 жыл бойы қайыр сұрауға мәжбүрлеген қылмыстық топ мүшелері сотталды. Топтың серкесі 17 жылға кесілсе, қалғаны 12 жылдан арқалады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 
Қысы‑жазы қайыр сұрап жүретін Николайды бүкіл қала тұрғындары біледі. Оған берген жұрттың ақшасы қылмыстық топтың қалтасына түседі екен. Оның бір күндік табысы 40 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жетіп отырған. Николайды тырп еткізбеу үшін қылмыскерлер әу баста оның жаңа туған қызын кепілде ұстаған. Табысты жақсы тапқан күні ғана қызымен көрісуге рұқсат беріп келген. Бұл жайлы полицейлер қылмыстық топ серкесінің ізіне есірткі тарату ісі бойынша түскенде кездейсоқ біліпті. Сотқа төрт адам тартылды. Қылмыстық топ құрды және адам саудасын жасады деген бап бойынша топ басшысы 17 жылға кесілді. Ал, оның қарындасы, күйеу баласы мен досы 12 жылдан арқалады. Олар Николайға өтемақы ретінде 8 миллион теңге төлеуге тиіс. 

 "Топты өзіне жақын адамдардан жасақтаған. Бескова — жиен қарындасы, Гланц — оның күйеуі, Хотин — жақын досы. Әрқайсының өз міндеті бекітілген. Бірінікі Лушниковтың қайыр сұрайтын орнына шығу, оған бақылау жүргізу. Екіншісі түскен қаражатты алады. Соңғысы тиын-тебенді ірі ақшаға айырбастап, қаражатқа есеп береді", - деді судья Галина Жилина. 

Фото: Видео кадры

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу