Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Рафаэль Надальдың ракеткасы рекордтық бағаға сатылды

Әлем
Рафаэль Надальдың ракеткасы рекордтық бағаға сатылды

Испаниялық теннисші Рафаэль Надальдың 2017 жылғы Ролан Гаррос турнирінің финалында ұстаған Babolat ракеткасы аукционда 157,3 мың АҚШ долларына сатылды.   


Сhampionat.com сайтынан мәлім еткеніндей, бұл теннис ракеткасын сатудағы рекордтық сома болып есептеледі.

Надаль сол бәсекеде швейцариялық Стэн Вавринканы 6:2, 6:3, 6:1 есебімен ұтқан еді.

ESPN мәліметіне қарағанда, бұрынғы рекордтық нәтиже де испаниялық теннисшіге тиесілі. 2023 жылы оның тағы бір ракеткасы 139,7 мың долларға өткен еді.

Онымен Надаль 2022 жылы Аустралия ашық чемпионатында ойнаған еді. Финалда ол камбэк жасап, ресейлік Даниил Медведевті 2:6, 6:7 (5:7), 6:4, 6:4, 7:5 есебімен қапы қалдырған еді.

«Үлкен дулыға» турнирлерінің 22 дүркін чемпионы Рафаэль Надаль спорттық мансабын 2024 жылы Дэвис кубогы кезінде аяқтаған болатын.

Фото: prsport.net 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу